«Коворкинг»


25 сәуір күні Сырдария аудандық орталықталықтандырылған кітапханалар жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты рухани ақпараттық білім беру орталығы саналатын Нағи Ілиясов және Шаған ауылдық модельді кітапханалары жанынан «Коворкинг» орталығы ашылды.
Ашылу рәсіміне Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, ауыл әкімі және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары, ауыл ардагерлері , ауыл белсенділері , кітапханашылар, кітапқұмарлар мен мектеп оқушылары қатысты. Орталықтың ашылу салтанатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңіс Үсенұлы мен ауылдық ардегерлер кеңесінің төрағалары Жұмабекұлы Төребек және Зұлхарнай Тасбергенов ағайлар сөз сойлеп, құттықтады. Сондай-ақ ауыл әкімдері Нұрмағанбетұлы Сағдат пен Ұлбала Тұрғанбекқызы құттықтап, орталықтын ашылу рәсіміндегі дәстүрлі лентаны еңбек ардагері Мамытов Керейтбай пен Зұлхарнай Тасбергенов аталар кесті. Сондай -ақ жергілікті ақынымыз М. Сақтаповтың кітапханаға арнау өлеңі оқылды. Сонымен қатар жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, еліміздің ақын- жазушыларының мол рухани мұраларын әдеби шығармаларын насихаттау мақсатында кітапхананың белсенді оқырмандарымен бірлесіп ұйымдастырылған «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздары» атты дауыстап оқу шарасы бойынша ақын Әбілда Тәжібаев пен Фариза Оңғарсынованың шығармаларынан және Мұқағали Мақатаевтың поэзиялық ашық морофоны ұйымдастырылып жыр шашыуларын шашты . Рысдаулетова Күлшай, Совет Нұрасыл, Әкпар Айару мен Махамбетов Бекжандар жыр шашыуын шашты.