«Жүзі бөлек,жүрегі бір»


Сырдария аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 Мамыр Достық күніне орай кітапхананың тұрақты жасөспірім оқырмандар арасында «Жүзі бөлек,жүрегі бір» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші өтті.Мәдени шараның мақсаты ауданымызда тұрғылықты өмір сүріп,тонның ішкі бауындай араласып кеткен, өзге ұлт өкілдері арасындағы достық пен бауырмалдық қасиеттерді жастар бойына сіңіріп, осы асыл қасиетті дәріптеу болды.