«Коворкинг» орталығы ашылды.


Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Бесарық ауылдық модульді кітапханасында мамыр айының 3 жұлдызында «Коворкинг» орталығы ашылды. Ашылу салтанатына ауылдың аға буын өкілдері мен жастары жиналды.Ауыл тұрғындарын осындай орталықтың ашылуымен ауыл әкімі Жүсіпова Нәзира , қоғамдық кеңесінің төрағасы Ақжігітов Әкбар және кітапхана саласының ардагері Әбжекенова Базаркүл апай құттықтаса, орталықтың ашылу лентасын ауыл ақсақалы Тілеубаев Ишанбай ата мен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлжіков Ермек ағай кесті.
Шараға келушілер « Коворкинг» орталығында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен «Бабалар рухы жаңғырды, ұрпағы арнап ән-жырды» атты әдеби кешті тамашалады.