Айдарлы ауылдық модельді кітапханасында «Коворкинг» орталығы ашылды.


4 мамыр күні сағат 15-00 де Айдарлы ауылдық модельді кітапханасында «Коворкинг» орталығы ашылды. Ашылу салтанатына ауылдың улкен кісілерімен ауыл жастары, мұғалімдер, оқушылар қатысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – халықтың білімге деген құштарлығын арттыру.Жобаның негізгі мағынасы кітапханалар тек кітап оқитын орын емес,түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер өтетін, жастар жиі бас қосатын нағыз білім орталығы.Алғаш сөзді Халық театрының режиссері Абдубакирова Рахия апай сөз сөйлеп, лента қию рәсімін жасады. Коворкинг орталығы ашылып іші таныстырылды.Айдарлы ауылдық кітапханасының кітапханашы Асанова Балзарина коворкинг орталығына арналған арнауды оқыды. Кітапхана басшысы Гүлстан Сансызбайқызы келушілері көп, жастардың мықты идеясы туындайтын орталығына айналуына тілектестігін білдірді.Коворкинг орталығында «Алаштың бес арысы» атты мәдени шара өткізілді.Шара барысында бес арысымызды таныстырып, бес арысқа арналған арнаулар оқылды. Сөз соңы Айдарлы ауылдық мәдениет үйінің директоры Қалдыбаева Анарға сөз беріліп, Коворкинг орталығының ауыл жастарына берері мол екенің ,барлық жағдай жасалғаның айтып,бірлесіп жұмыс жасауға жастарды шақырды.