«Шығыстың қос шынары»


9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ерлік жолын насихаттау мақсатында «Шығыстың қос шынары» атты портрет кешін № 35 мектеп лицейінің 6-7 сынып оқушыларымен орталық саябақтың «Мәңгілік алаудын» жанында аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізлді.

Мақсаты: Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ерлік жолын насихаттап, өмір жолымен таныстыру.Балаларды адамгершілікке, Отаның сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тарбие беру .

Мәдени шараны кітапханашы Асанова Гулмира жүргізіп,
Аз емес зәр жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған.
Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағулова т.б. қаншама қандастарымыз қыршын кетті. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық деп кіріспе сөз сойледі.
Келесі кезекте Еліміздің өскелен ұрпағы Ұлы Отан соғысының енді қайталанбайтына кәміл сенеміз, біз Тәуелсіздік елде өмір сүріп жатқанымызға бақыттымыз деп өз ойларын ортаға салды. Сондай ақ оқушылар қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды. Айтып өтсек Гулбар Муфтахованың «Әлия мен Мәншүкке» Әбенова Шұғыла, Мұзаффар Әлімбаевтың «Ерлер ескерткішіне татиды» Алмасов Бақдәулет, Аманжол Шамкеновтің «Ана турала баллада» Ақниет Жәдігеров, Ғабиден Мұстафинниң «Жас қазақ» Бәйділда Айшат т.б

Шара сонында «Арулар отты жылдарда» атты кітап көрмесі таныстырлып , библиографиялық шолу ұйымдастырылды.