«Қарулы күштер – еліміздің берік қорғаны»


Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 7 Мамыр –Отан қорғаушылар күніне орай «Қарулы күштер – еліміздің берік қорғаны» атты әскери-потриоттық кешке № 35 мектеп-лицейінің 6-7 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 12 адам қатысты.
Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, Отан сүйгіштік , ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отаның, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Мәдени шараны кітапханашы Асан Г. жүргізіп сан ғасырлық тарихында қазақ халқы өзінің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын, ана тілі мен ділін және басқа да құндылықтарын сақтап қалу үшін қилы кезеңді бастан кешіргендігін, халқымыздың тәуелсіздікке, аумақтық тұтастыққа деген сан ғасырлық арманы орындалып. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1999 жылы 20 қантарда сөйлеген сөзінде «Данқты өткенімізден күш ала отырып, жаңа ғасырға нық қадам басамыз!» деп кіріспе сөзбен ашты.
Келесі кезекте шарада ақын –жазушылардың өлеңдері жатқа оқылды.Төлегенов Мәдидің «Мейрамдарын құтты болсын жігіттер» өлеңін Мәлікқызы Аңсаған, Тоқтарғазиева Нәзираның «Отаным менің Қазақстан» өлеңін Нұрлыбай Ерасыл, Тұманбай Молдағаливтін «Қазақстан азаматы» өлеңі Әбенова Шұғыла, Қ Сатиевтің «Сарбаздар маршы» атты өлеңін Байділда Айшат оқыды.

Шара соныңда «Ұранды ердің-ұрпағы қайсар» атты кітап көрмесі таныстырылып, шолу жасалды, нәтижесінде 1 оқушы кітапханаға жаңадан жазылып, 2 кітап қолға алды.