«Рухы әулие, өмірі өнеге, мұрасы мәңгілік»


Сырдария аудандық балалар кітапханасында Түркі тілдес халықтардың барлығына ортақ өнер, мәдениет қайраткері – ақын, ақылшы, көріпкел, бақсы, қобызшы, сазгер, жыршы, сәуегей, тәуіп, әрі философ Қарақожаұлы Қорқыт ата өмірі мен мұраларын насихаттау мақсатында «Рухы әулие, өмірі өнеге, мұрасы мәңгілік» атты өнертану кешін №35 мектеп-лицеиінің 2,4, 6 сынып оқушыларымен өткізіп, барлығы 9 адам қатысты.
Мәдени шараны кітапханашы Оразымбетова Жанар жүргізіп Ежелден өнер сүйген, табиғатынан әнге әуес, күйге құмар халқымыздың рухани қазынасы өте бай. Сол мұралар үніне құлақ түрсек ата-бабамыз басынан өткерген қилы-қилы замандар мен сан ғасырдан шежіре боп сыр шертеді. Ән-күйлерден халқымыздың арман ойларын, мұрат мүддесін ұғып, елдігі мен ерлігін, қадір-қасиеті мен парасат-пайымын, бітім-болмысын танимыз. Ықылым заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл мұраның бірі – аты аңызға айналған Қорқыт баба күйлері. Қорқыт қазақ жерінде дүниеге келіп, дүниенің төрт бұрышын шарлап, өзі өскен Сыр бойына оралып дүниеден қайтады. деп кіріспе сөзбен ашты.
Келесі кезекте Қорқыт бабаның өмірбаянымен кітапханашы Асан Гулмира таныстырып өтті.Сондай-ақ шарада Қорқыт бабамыздың Тәлім-тәрбие, туған жер туралы нақыл сөздерін Серікбай Жадыра, Ақбергенова Мерей, Темірханова Раушангүл, Серікбай Жадыра оқып берсе, бабамызға арналған ақындардың өлеңдері жатқа оқылды.Сейсен Мұқтарұлының «Күн желкен» атты өлеңін Бостанқызы Сағыныш, Ә.Тәжібаевтың «Кезіп-кезіп Қорқыт атам Бетпақты» атты өленің Мейрамбек Мадина.
Сонымен қатар кітапханың тұрақты оқырманы Бакишев Бейбары Қорқыт бабамыздың «Башпай» және «Желмая» күйлерін орындады.

Шара соныңда «Түркі халықтарының ұлы жыршысы» атты кітап көрмесі таныстырылып, шолу жасалды, нәтижесінде 1 оқушы кітапханаға жаңадан жазылып, 1 кітап қолға алды.