«Жүректі жылытар мейірімділік»


Сырдария аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен «Жүректі жылытар мейірімділік» атты мейірімділік сағаты өткізілді. Мәдени шараның мақсаты –жастарды мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделулеріне көмек көрсетуге, олардың бойындағы дарындылық пен өмірге деген құштарлығын көре білуге, қоғамда өз орны бар екендігіне сенімді болуларына жәрдем беруге, бауырмалдыққа ,кішіпейілдікке баулу. Шара барысында ұстаздары Алтын Қожақова шәкірттерінің жасаған бұйымдарын таныстырып, олардың жеткен жетістіктерін айтып өтті. № 36 мектеп лицейінің оқушылары өздерінің жүрекжарды лебіздерін айтып, жергілік ақындарымыздың өлеңдерін оқып берді. Кітапхана директоры Г.Нұржакиева қатысушыларға алғысын білдіріп, сый-сияпат жасады.