«Мен және менің отбасым»


Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 15 мамыр-Халықаралық отбасы күніне орай «Мен және менің отбасым» сурет салу сайысын №35, 36 мектеп лицейінің 2, 3, 4 сынып оқушыларымен ұйымдастырылып, өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата-ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.Сурет салу арқылы қиялдарын ұштау.

Шараны кітапханашы Асанова Гулмира жүргізіп , 15 мамыр Халықарылық отбасы күнімен құттықтап, Біз бүгін бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойласыздар ол қандай әлем болуы мүмкін. Ол сіздер өскен шағын мемлекет , яғни жанұя бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтарын деп кіріспе сөзбен ашты.
Шара барысынды балалар екі топқа бөлінді.
1 тур: «Салемдесу»
2 тур: «Ойсергек»
3 тур: «Отбасы татулық негізі»
1 турда Балалар шеңберге тұрып бір-бірімен амандысып, күлімдеп, бір-біріне жылулық білдіріп, шуақтарын шашты.
2 турда оқушылар «Отбасы» туралы мақал-мәтел айтып жарасты.
3 турда «Отбасы татулық негізі» деп аталатын турда әр топқа бояулар берілді, әр топ мүшесі ойын осы қағазға түсіріп, өз отбасын қалай елестететінің көрсетті. Бұл тапсырма үй жұмысына берілді.
Сурет салу сайысының қортындысы бойынша кітапхана ұжымының басшысы Г. Нұржакиева сөз сойлеп, балаларды отбасы күнімен құттықтап, салған суреттеріне рахмет айтып, оқуда озат болуына тілегін білдірді. Сондай-ақ оқушыларға сыйлық тапсырып, марапаттады.
Шара сонында «Отбасы-өмір аясы» атты кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.