«Ұлы дала жыршысы»


Сырдария аудандық орталық кітапханасында Алаш қайраткері, «Жыр құлагері» Ілияс Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толуына орай «Ұлы дала жыршысы» атты бір ақын сағаты өтті.
Бұл шараның мақсаты: Оқырмандар арасында Ілияс Жансүгіров шығармашылығын насихаттау.ақынның шығармашылығына,рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, поэзияны сүюге баулу.
Аталмыш шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары, жастар, кітапхана қызметкерлері қатысты.Барлығы 15 адам қатысты.
Кітапханашы Абенова Гүлдана ақынның лирикалық шығармаларына арналған баяндама жасады. Кітапхананың тұрақты оқырманы Мырзабаева Айгерім Ілияс Жансүгіровтың өмірбаяның айтып берді.Мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқып іс-шараның көркін қыздыра түсті.
«Ақындар шоғырындағы Гималай» атанған ұлы ақынымыз, дүлдүл жырдың жүйрік тұлпары, көсем сөздің сұңқары ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Ілияс Жансүгіров аз ғана ғұмырында өлмейтін мол мұра қалдырды.Елім деп соққан жүрегі бар есіл еріміз репрессия құрбандарының бірі болып кете барды. «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» дей келе ақын жырлары ғасырдан ғасырға жалғасып, қалың елдің жүрегінде мәңгі сақтала береді деген сенімдеміз.
Шара сонында «Жыр жауһарының кені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.