«Жазықсыз жапа шеккендер»


Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 31 мамыр Саяси құғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай № 35 мектеп-лицейінің 8-9-10 сынып оқушылары арасында және Агро-техникалық колледждің тарих және құқық пәнін оқутышысы Нұрланов Ғани Нұрланұлының қатысуымен «Жазықсыз жапа шеккендер» атты еске алу кеші ұйымдастырылып өткізілді.
Мәдени шараны кітапханашы Ж.Оразымбетова жүргізіп Қаншама зобалан жылдарды бастан кешкен қазағымның әрқайсының айтқан зары, кешкен мұны, жүріп өткен тар жолдары бәрі-бәрі бүгінгі ұрпақтың құлағында , жүрегінде мәңгі есінде. Осыған орай 1997 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шығып, 31 мамыр Саяси құғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланды деп кіріспе сөзбен ашқан сон . Біздің ендігі жердегі борышымыз –осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, мәңгі есте сақтау. Ендігі кезекте жазықсыз жапа шеккендердін рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық деді.
Келесі кезекте сөз кезегін Агро-техникалық колледждің тарих және құқық пәнінң оқутышысы Нұрланов Ғани Нұрланұлы алып Ия, қазақ халқы бүл дүниеден не көрмеді ? Сонау «Ақтабан шұбыранды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі арылықта халқымыздың осынау кең жаһанда жойылып кету қауіпі тұрып. Қайран қазақ елі бүгінгі ұрпаққа айта алмай қалған, мұнға толы тарихи парақтары қаншама әлі ? деп тарихи беттерден деректер айтып берді.
Келесі кезекті еліміздің жалынды жастары Татьяна Невадовскаяның «Қазақстан трагедиясы» Қайратқызы Нұрай, Жұбан Молдағалиевтің«Мен қазақпын» және Рафаэль Ниязбектің «Ей, Алаштың баласы» атты өлендерін Кенжебекқызы Нұрай, Саматова Гүлсезім, Шаяхмет Оразымбекұлының «Нәубетке лағнет» және Рафаэль Ниязбектің «Отыз жетінші жыл» атты өлендерін Дәуренбекқызы Әсем, Зейнулла Аяжан, Шаяхмет Оразымбекұлының «Этногеноцид» атты өленін Саматов Дидар оқып берді.
Шара сонында «Қасыретті жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесі әзірленіп, библиографиялық шолу жасалды.