«Балалық шақ-балдәурен» атты балалар ертеңгілігі


Аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ-балдәурен» атты балалар ертеңгілігі аудан орталығындағы «Қызғалдақ» балалар бақшасының бөбектері арасында өткізіліп, барлығы 37 адам қатысты.
Мәдени шараның мақсаты: Балалар мен жасөспірімдерге қуаныш сыйлап қана қоймай және олар мерекелік іс-шараларға үлкен ықыласпен қатыстыру болды. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекенің шығу тарихымен таныстыру, балалардың арасынан балаларға арналған әндер айту, түрлі ұлт өкілдерінің билерін билеу. Адамның мейірімді, ықыласты болуы, елін, жерін, Отанын сүюі, танып білуге құштарлығы, еңбексүйгіштігі ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейтіндігін айту. Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітапханаға келіп жаңа кітаптармен таныстыру. Бүлдіршіндер арасында қазақтың халық ертегісі «Түлкінің туған күні» әдеби қойылым көрсету арқылы балаларды тәрбиелеу және кітап оқуға шақыру болды.