4 маусым ҚР рәміздер күніне орай «Ерліктің ұраны, елдіктің нышаны» атты танымдық кеш өткізілді.


Сырдария аудандық орталық кітапханасының пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 4 маусым ҚР рәміздер күніне орай «Ерліктің ұраны, елдіктің нышаны» атты танымдық кеш өткізілді.Мәдени шарада Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу жөнінде сөз қозғалды. Сонымен қатар кітапханашы еліміздің ертеңгі ел тізгінін ұстар жалынды жастарды Отанымызды сүйіп, қадірлеп, қорғап, Мемлекеттік рәміздерді, тілімізді құрмет тұтып, үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсете отырып, еліміздің көркейіп, дамуына өз үлесімімізді қосайық деп үндеді.