«Кітапханалардың ісіндегі жетістіктер, мамандардың инновациялық жұмыстарының дамуы» атты көшпелі Flash-семинары өткізілді


Сырдария аудандық орталық кітапханасының әдістемелік- библиографиялық бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары аясында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі мамандарының міндеттерін айқындау, кәсіби дағдылары туралы өзара пікір алмасу, біліктілікті арттыру, кітапханалар қызметінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгеру, ауыл кітапханашыларын жаңа ізденістерге, қайраттылық пен жігерлілікке бағыттап, машықтау арқылы өңірдегі кітапхана саласының кадрлық әлеуетін қалыптастыру  мақсатында «Кітапханалардың ісіндегі жетістіктер, мамандардың  инновациялық жұмыстарының дамуы» атты көшпелі Flash-семинары 2019 жылдың 18 маусымында Шаған ауылдық модельді кітапханасында өткізілді. Семинарды кітапхана әдіскері Индира Қартбаева жүргізіп, оның негізгі мақсаты мен бағдарламасымен таныстырды. Семинардың бағдарламасы  бойынша Шаған  ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Венера Айтуғанова  семинар қатысушыларына   өз кітапханасының жұмысымен таныстырып, экскурсия өткізді. Игерілген кәсіби білім мен шеберлікті әріптестерімен бөлісе отырып, жаңашылдықты талқылау және тәжірибе алмасу. Сонымен қатар бұл шара арқылы әр кітапханашы өзінің жеке тәжірибесін басқа әріптестеріне көрсетіп, таратуға мүмкіндік  алатын семинардың сәтті өтуіне кітапхана директоры Гүлстан Сансызбайқызы ниетін білдірді. Ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу, кітапты және оқытудың басқа да құралдарын пайдалану машықтығын сіңіру. Оқырмандарды анықтамалық ақпаратпен, соның ішінде автоматтандырылған режимде жұмыс жасата білуге үйрету мақсатында «Ақпаратты еркін кедергісіз алуды және оның көздерін сақтауды қамтамасыз ету» атты тақырыпта № 1 филиал модельді кітапханасының кітапханашысы Серікбаева Ләззат баяндама жасады. Ал «Кітапхана имиджі.Кітап оқуды қолдау.Қоғамда кітап оқуға деген құштарлықты және оқырман мәртебесін арттыру» атты тақырыппен баяндама оқыған Айдарлы ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Асанова Балзарина  жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу, олардың кітапханаға деген қызығушылығын арттыруға, талғамына, талдауына сай әдебиеттерді іріктеуінде көмек көрсетіп, кітапқа деген оқырмандардың ынта-ықыласын көтеруге ықпал ететін көптеген жұмыстарды атқарып  жатқандығы жайлы ақпарат берді.

Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі кітапханаларда оқырман тарту және балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға ынталандыру мақсатында қызықты тартымды жұмыстары жүзеге асырылуда. «Кітапханадағы кітап оқуды ынталандырудағы көпшілік жұмыстар» атты баяндамасын Амангелді ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы  Бұрханова Гүлзада таныстырды. Келесі сөз кезегін алған № 2 филиал модельді кітапханасының кітапханашысы Бодыбаева Кенжегүл «Ауылдық модельді кітапханаларында инновациялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру» тақырыбына тереңірек тоқталды.Ол кітапхана қызметіндегі бағыттардың ішіндегі ең негізгісі және ең маңыздысы кітапхана саласында қолданылып жүрген жаңа ақпараттық технологиялар, электронды ресурстар, пайдаланушыларына қызмет көрсетудің жаңа формалары арқылы ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қайта жаңғыртуға және сақтауға ықпал ету мүмкіндіктері бар екендігі жайлы мағлұмат берді.

       Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала­сында Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз керектігі баса айтылған.  Бұл – қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бас­тысы, мем­лекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи ру­хы­мызды жаңғырту. Өскелең ұрпақтың бойына елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерін сіңірумақсатында  «Рухани жаңару және кітапхана қызметі» атты баяндамасымен Сәкен Сейфуллин ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нұрышева Лаура  таныстырды.                                                                                                Семинар барысында  Нағи Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы  Найзатаева Сәуле «Өзінді сынап көр» атты тренинг сұрақ- жауап ойынын  және «Мен және менің ортам» атты  топтық- психологиялық тренинг ойыны  кітапханашылар арасында өткізілді. Тәжірибе алмасу семинарында «Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Гүлстан Сансызбайқызы кітапхана қай дәуірде де, бәсекеге қабілетті, мәдениетті, рухани тұлғаны тәрбиелеп шығаруға маңызды рөл атқаратындығы, қазіргі заманауи кітапханашыға қажетті ең маңызды сипаттарды атап өтіп, жұмыстарына табыс тіледі. Семинар өз дәрежеінде өткенін айта келе, кітапхана қызметкерлеріне алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетуіне сенімін білдірді.