«Ата салтым-қазақи қалпым»


Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне наурыз мерекесіне орай «Ата салтым-қазақи қалпым» атты этнографиялық мерекесін ұйымдастырып өткізді. Шараға №210, № 35, №36 мектеп-лицейиінің 2-4-5-7 сынып оқушылары, кітапхана қызметкерлері. барлығы 18 адам қатысты.

Шараны кітапханашы Ж. Оразымбетова кіріспе сөзбен ашты.
Шара барысында қазағымыздың салт-дәстүрлері шашу шашу, аластау рәсімі, көрісу, Қыдыр атадан бата алу, қазағымыздың дәм татқызу дегендей салт-дәстүрлері көрініс арқылы кітапханашы Ахметова Эльмира көрсетті. Сондай-ақ еліміздің жалынды жастары Болатбекова Айзере «Тойға шашу» биін билеп, Райымбек Көркем «Мерекелеріңізбен» және «Ата-әже» атты өлеңдерін тарту етсе, Бакишев Бейбарыс Құрманғазының күй «Балбырауын» және «Тал шыбық» күйлерін орындап берді. Сонымен қатар қазақ ақын-жазушыларымыздың Наурыз мерекесіне арналған өлеңдері айтылды. Асқар Оразақынның өлеңі «Жылдың басы -наурыз» өленің өзге ұлт өкілі Лавров Ярослав оқыса, Марат Дәулетханның өлеңі «Наурыз келді алақай» Қайырбекаова Әдия , Джинайтова Дильнозаның «Наурыз» өлеңін Алиакбар Диана айтып берді.
Шара сонында «Қош келдің, Төрлет Әз Наурыз !» атты кітап көрмесімен кітапханашы Ахметова Эльмира таныстырып, библиографиялық шолу жасады.