«Біз бақытты баламыз, шырқап әнге саламыз»


Сырдария аудандық балалар кітапханасынын ұйымдастыруымен 2-сәур Халықаралық балалар кітабы мерекесіне орай балаларды кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой өрісін дамуын , рухани байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Біз бақытты баламыз, шырқап әнге саламыз» атты балалар ертеңгілігі «Нұрбөбек» балабақшасының әдесікері, тәрбиешілері, зейнеткер апайымыз, және №.36,35 мектеп-лицейінің 2, 5, 9 сынып оқушылары арасында өткізіліп, барлығы 29 адам қатысты.

Шараны кітапханашы Ж.Оразымбетова жүргізіп кіріспе сөзбен ашып, 2-сәур Халықаралық балалар кітабы күнін ашылу тарихымен таныстырып өтті.
Шарада Астана қаласында өткізілген халықаралық ән-би байқауының жеңімпазыТөребеков Асанәлінің «Ассалаумалейкум» және «Мен қазақпын» атты өлеңдерің айтса, Сейіткерей Ердос «Ана, Әке» атты өлеңдірін айтып шараны қыздыра түсті. Сондай-ақ Әуез мектебінің би үйірмесінің оқушылары Болатбекова Жансая және Иманзадаева Жансұлу «Шашу» биі орындап берді. Сондай ақ сөз кезігін кітапхана оқырманы, зейнеткер апайымыз Жүнісахметова Алма апай алып келген қонақтарды мерекемен құттықтап, шараны өз деңгейінде өтіп жатқаның айтып өтсе, «Нұрбөбек» балабақшасының әдесікері Исабаева Гүлшат мерекеге тілегін білдіріп, қонақ болып шақырғанымызға рахметін айтты. Шара барысында бүлдіршіндерге «Маша и медведь» мультфильмы көрсетілді.

Шара сонындаКітап-ғажайып қазына» атты кітап көрмесі әзірленіп, библиографиялық шолу ұйымдастырылды.