«Кітап- адамзат баласы үшін өмірлік шамшырақ»


КІТАПХАНАШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Кеше аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап- адамзат баласы үшін өмірлік шамшырақ» атты іс-шара өткізілді.
Мәдени шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбенов Хайрулла, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңіс Төрәлиев және кітапхананың белсенді оқырмандары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Шара барысында есімдері елге елеулі ұлы тұлғаларымыздың тарихымен, ақын- жазушы ағаларымыздың өмірі мен шығармалығымен кітапхана оқырмандары мен мәдени шара қонақтары танысты.
Сонымен қатар, Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы шара қонақтарын кітапханашылар күнімен құттықтап, кітапхана саласының мамандарын «Алғыс хатпен» марапаттады.
#Сырдарияауданы #дүниежүзіліккітапкүні #сырдарияорталықкітапхана