«Кітап сенің досын, серігін әрі ақылшың»


Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 23 сәуір Дүниежүзілік кітаптар және авторлық құқық күніне орай «Кітап сенің досын, серігін әрі ақылшың» атты тәрбие сағатын № 35, 36 менктеп-лицейінің 3,4,5,6 сынып оқушылары арасында ұйымдастырып өткізді.

Мақсаты: Оқушыны кітап оқуға тарту. Кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру. Кітапты кутіп, оны таза, ұқыпты ұстауға үйрету. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітаптың пайдасы мен маңыздылығы туралы айту.
Мәдени шараны кітапханашы Ж. Оразымбетова кітап қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі деп кіріспен сөзбен ашты.
Шара барысында оқушылар «Алтын сандық» танымдық ойына қатысып қазақ ертегілерінен викториналық сұрақтарына жауап берді. Сондай –ақ қазақ ақын-жазушыларымыздың «Кітап» туралы өлеңдіерін жатқа оқыды. Айтып өтсек Мұнайтпасова Құралай Ниязова Динаның «Кітап», Амангельдиева Альбина, Жарылқасын Боранбай «Кітап сенің басындағы білімін», Орынбасарова Нұрбибі Таңат Айарудың «Кітап сенің қазынан» Келесі кезекте Мейрамбек Ерасыл «Қазақпенен бар әлем дос болуды қалайды» әнін орындаса, Бакишев Бейбарыс баянмен Альбер Фоссен Абрэудің «Тико-Тико» шығармасын және Құрманғазының «Балбырауын” және «Адай» күйлерін орындапту шараны қыздыра түсті. Шара сонында кітапхана ұжымының басшысы Г.Нұржакиева сөз сойлеп, келген оқушыларды оқуда озат болуын тілеп, марапаттады. Сондай-ақ кітапханашы Асан Гулмайра «Кітап – сарқылмас қазына» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.