«Кәсіпкерлік-кемел келешектің кепілі»


Сырдария ауданының жалынды жастары кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген «Кәсіпкерлік-кемел келешектің кепілі» атты мәдени шараға қатысып, үлкен жетістіктерге жетіп жүрген ауданымыздың жас кәсіпкерлері Ғ.Сейітмұратов пен Д.Ашимовалармен кездесіп,сыр-сұхбат жүргізді. Кездесуге келген талапты жастар кәсіпкерлерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.Мәдени шара барысында әсіресе «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының 2025- жылға дейін ұзартылғаны, бұл керемет мүмкіндіктерге жол ашылу екені жөнінде кеңінен айтылды.