«Көктем шуағы төгілген күн»


Сырдария Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ауданымыздың жас көп балалы аналарына құрмет көрсетіп, тәлімі мол «Көктем шуағы төгілген күн» атты мерекелік кеш өткізді. Мәдени шараға кітапхананың тұрақты жас оқырмандары белсенді атсалысып, аналарға арналған әсем ән мен қазақ ақын-жазушыларының жүрек жарды жырларын жатқа оқып, бір шоқ гүл есебінде тарту етті.