«Ғарышқа жол салған Қазақстан»


Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 12-сәур Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күніне орай «Ғарышқа жол салған Қазақстан» атты интеллектуалды ойын сайысын үйымдастырып өткізді. Шараға №210, №35. №36 мектеп-лицейінің 4,5,6 сынып оқушылары, барлығы 17 адам қатысты.

Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді казіргі өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың «ғарыш» туралы мағлұмат айтып, қазақ ғарышкерлерімен таныстыру.

Мәдени шараны кітапханашы Ж. Оразымбетова жүргізіп, кіріспе сөзден кейін сайыстың турларымен таныстырып өтті. Бұл сайыс 4 турдан тұрады және оған екі команда қатысты «Ғарышкер» және «Байқоныр»

1 тур: Таныстыру
2 тур: Ғылыми космонавтика туралы мағлұмат (бейне ролик)
3 тур: Викториналық сұрақтар
4 тур: Сергіту сәті (Ғалам, космос туралы суреттер салу)
Мәдени шарада «Ғарышкер» тобы белсінділік танытып, «Байқоныр» тобын озып кетті.Шара барысында оқушыларға «Арнайы хабар» «Ғарыш ғаламаты» атты видео ролик көрсетілді.Шара сонында «Ғарыш әлеміне саяхат» атты кітап көрмесімен кітапханашы Ахметова Эльмира таныстырып, библиографиялық шолу жасады.Нәтижесінде кітапханаға 1 жаңа оқырман оқырман болып тіркеліп, «Жер және ғарыш» атты кітабын алды.