«Қазақтың қайталанбас геологы»


12 – сәуір аса көрнекті ғалым, ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик, ғылыми зерттеуші, геолог Қаныш Сәтпаевтың туғанына биыл 120 жыл толып отыр. Жалпы исі қазақ халқының мақтанышына айналған ғалымның құрметіне Сырдария аудандық кітапхана қызметкерлері, өздерінің тұрақты жас оқырмандары арасында «Қазақтың қайталанбас геологы» атты бір ғалым сағатын өткізді.Мәдени шарада ғалымның ерен еңбектері жан-жақты айтылып, сонымен қатар қазақ жазушысы Қ.Жұмаділовтың «Академиктің көз жасы» атты кітабы таныстырылды. Бұл шығарма ғұлама ғалымның тағы да бір жақсы қырларын ашып, ірілендіре түскендей. Шығармаға қызығушылық туғызған талапты жастар, кітапты бастан – аяқ оқып шығу үшін жаздырып алды.