«Қорқыттың мұралары –халықтың баға жетпес қазынасы»


Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қорқыттың мұралары –халықтың баға жетпес қазынасы» атты рухани-танымдық кеш өтті. Мәдени шарада Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт баба мұраларын Мәңгілік елдің ұрпақтары қайта жаңғыртып, белсенділік таныта отырып, оның нақыл сөздерін бірінен кейін бірі іліп әкетіп айту арқылы, сонымен қатар Қорқыт ата мен егіз қобыз аспабында сырлы күй орындау арқылы жеткізді. Әсіресе № 35 мектеп шәкірттері Ақтоты Дайырбектің орындауындағы «Қорқыт – қобыз» өлеңі мен Маратова Алтынайдың қобыз аспабындағы күй орындау өнері көпшілік қауымның ыстық ықыласына бөленді. Шара барысында Қорқыттың күйлерінің шығу тарихы кеңінен айтылып, қобыз аспабының жасалу тарихы жөніндегі «Қобызым» атты өлеңді қазақтың қара домбырасымен кітапханашы Серікбаева Ләззат тамаша жеткізді.