« Ұлт мұрасын ұлықтаған күн»


Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлері 22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай « Ұлт мұрасын ұлықтаған күн» атты этнографиялық мерекелік кеш өткізді. Мәдени шараға Қонаев көшесінің тұрғындары арнайылап шақырылып қазақтың салт-дәстүрімен етене таныстырылып, халық әндері «Ағажан Ләтипа», «Дедімай-ау» өлеңдері мен «Қара жорға» биін тамашалады. Мәдени шарада сонымен қатар кітапханашылар Наурыз көженің шығу тарихы туралы аңыз әңгімені айта отырып, келген қонақтарға қасиетті астан ұсынды. Мереке үстіне кітапхананың тұрақты оқырманы, көше тұрғыны Сәнімкүл апай да дәмді Наурыз көжесін ала келіп , бұл қазақта «Көрші ақысы» дегенді білдіреді деп ақжарқын пейіл танытты.