«Өмірдің алтын діңгегі –Ана»


Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай¬ «Өмірдің алтын діңгегі –Ана» атты мәдени шараны ұйымдастырып, өткізді. Мәдени шарада Әуез мектебінің «Айжұлдыз» атты би тобы «Тарантелла» биін билеп, Әлиакбар Диана Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап берді. Сондай-ақ № 35 мектеп-лицейінің 4ә сынып оқушылары Сайып Ақжүніс Жұлдыз Бейсекованың «Мама» атты өленің, Мейрамбек Мадина М. Мақатаевтың «Ана сен бақытсың», Русланқызы Анель Жарқын Өтешованың «Әйел деген-бар әлем» атты өлеңдерін жатқа оқыды.