«Ескінің сөзі-көненің көзі» алтын-қақпа зияткерлік ойын аудандық «Жалын» тынығу лагерінің демалушы балалар арасында өткізілді


««Ескінің сөзі-көненің көзі»
«Алтын-қақпа» зияткерлік ойын

Аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ескінің сөзі-көненің көзі» алтын-қақпа зияткерлік ойын аудандық «Жалын» тынығу лагерінің демалушы балалар арасында өткізіліп, барлығы 14 адам қатысты.
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары, әдет-ғұрпы біздің асыл қазынамыз екендігін айту, қазақ деген атын осы кезге дейін қазақи салт – дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жөн-жоралғыларымен таныстыру, Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, келесі ұрпаққа жеткізу .

       Мәдени шараны кітапханашысы Асан Г. кіріспе сөзбен ашып , сайысты бастамас бұрын оның шартымен және әділ-қазылармен, қатысушы топтармен таныстырып өтті. Олар:
1-топ: «Тапқырлар»
2-топ: «Жүйріктер»
Сайыстың шарты: әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай.Сұраққа ең бірінші болып жауап берген топ жеңген болып есептеледі. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер біреу айтып қойса, ұпай саналмайды. Бұл ойын білгірлікті, жылдамдылықты талап етеді.Әр қатысушының пікірімен топтың топ басшысы жауап береді.
Ойын үш қақпадан тұрады:
І-ші Тас қақпа –Тәрбиенің тамыры салтымызда (салт-дәстүр туралы сұрақтар қойылады)
ІІ-ші Күміс қақпа –Сөздің түбін сөз табар (тұрақты сөз тіркестерінің баламасын табу)
ІІ-ші Алтын қақпа – Ескірмейтін ескі сөз (ырым-тыйым сөздер жайлы болады)
ІҮ-ш» Алтын сандық – Қазақтың ұлттық тағамдары.

Үш қақпаны да ашқан топ Алтын сандықтағы сұраққа жауап береді.
Әр қақпаға жету үшін тапсырма беріледі.
Кеш соңында сайысқа қатысушы балаларға сыйлықтар берілді.
Мәдени шара соңында «Ата салтың-халықтық қалпың» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.
Нәтижесінде кітапханаға 3 жаңа оқырмандар тіркеліп, 8 кітап оқуға берілді.