«Баспасөз – қоғамның қозғаушы күші» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.


Жергілікті басылым «Тіршілік тынысы» газетінің 80 жылдығына орай аудандық орталық кітапханасында «Баспасөз – қоғамның қозғаушы күші» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ұзақ уақыт ауданның тіршілік тынысын насихаттап келе жатқан бұл басылымның бүгінде саны көбейіп, сапасы да жақсарып келеді.
Көрмені ауданның ұстаздар қауымы шәкірттерімен және жалынды жастар тамашалады.
Көрмеге «Тіршілік тынысы» газетінде әр жылдары қызмет атқарған редакторлар,журналистер жайлы мәліметтер, біздің кітапханамыздың тұрақты оқырмандары, Қазақстан Журналистер Одағының мүшелері, ақын-жазушылар Мұқтар Сақтапов пен Шаһарбек Нұрсейітовтің шығармалары ұсынылды. Және де редакция ұжымының жеткен жетістіктері, алған марапаттары, архив базасынан алынған құжаттармен қамтылды.