«Дінаралық татулық – болашаққа нық қадам» атты дөңгелек үстел өтті.


Сырдария аудандық орталық кітапханда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында діни адаспаушылықты алдын алуға бағытталған «Дінаралық татулық – болашаққа нық қадам» атты дөгелек үстел өтті.Мәдени шараға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Сырдария ауданындағы бөлімшесінің маманы Нұрзылда Асхат Мейрамбекұлы және №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп лицейінің 8-сынып оқушылары. Барлығы 16 адам қатысты. Тақырып төңірегінде кітапханшы Әлиева кіріспе сөзбен оқушыларға қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізді дамушы және дамыған елдерден ерекшелігі, ол – қоғамдағы діннің нығаюы мен елдегі діни ахуалдың тұрақты болуын, соңғы жылдары еліміздің діни ахуалына талдау жасау барысында, халқымыз исламды ұстанып, дінге бет бұрып жатқандығы және олардың басым бөлігін жастар құрайтыны белгілі болғанын айтып өтті. Шара барысында дәстүрлі дінімізбен мүлдем үйлеспейтін кейбір сан алуан пікірлер мен ұстанымдар салдарынан туындайтын түрлі келеңсіз жәйіттер алаңдататынын тілге тиек етті.Шара барысында шараға қатысушы Нұрзылда Асхат Мейрамбекұлы Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу; Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан – жақты талдап, жастарға ой салу; Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу; Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт – дәстүрлерін қастерлеу мақсатында «Радикалды діни идеологияның зияны» атты баяндама жасады. Сонымен бірге оқушылар да өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.Және де қызықты ойын ойналып, оқырмандарды қызықтыра түсті. Шара соңында кітапхана қызметкері Әбенова Гүлдана «Дін – өркениеттің түп қазығы» атты кітап көрмесімен таныстырып библиографиялық шолу жасалды.

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *