«Темекінің адам ағзасына келтіретін зияны» Салауаттылыққа шақыру сағаты


«Темекінің адам ағзасына келтіретін зияны»
Салауаттылыққа шақыру сағаты

Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандағы орталық саябағында «Темекінің адам ағзасына тигізер зияны» атты кітапхананың тұрақты және белсенді оқырмандармен салауаттылыққа шақыру сағаты өткізіліп, барлығы 12 адам қатысты.
Мәдени шараның мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы кеңінен мағлұмат беру.
Мәдени шараны аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Асан Гүлмайра жүргізіп, кіріспе сөзбеп ашты. Егемендіктің тізгінін берік қолға алу үшін, ұрпақтың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым – біліммен жақсы қаруланған болуы шарт. Бүгінгі шарамызда адам баласына қауіп төндіретін зиянды зат – темекі туралы салмақты ой қозғаймыз. Сонымен адам өмірге темекі тартушы болып келмейді екен, өсе келе жаман әдетке үйір болудан, өз ісіне мән бермеуден, темекі дәмін татып көріп, қалай темекіге тәуелді болғанын байқамай қалып, денсаулығынан айрылып жатады. Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі.Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады. Олардың ішіндегі ең улысы – никотин. Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.-деді.
Шараның соныңда кең көлемді «Салауатты өмір-жарқын болашақ» атты ұйымдастырылған кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасалып таныстырылды.