«Қазақстан балалар көзімен» сурет салу сайысы


 

«Қазақстан балалар көзімен»
сурет салу сайысы

Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 6 шілде – Қазақстанның Елордасы Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай «Қазақстан- балалар көзімен» атты сурет салу сайысы өткізілді.
Мәдени шараның мақсаты: Нұр-Сұлтан қаласы туралы кеңінен мағлұмат бере отырып, Елордамыздың көрікті орындарымен таныстыру, балаларды отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге үйрету, ұлттық патриотизм рухына тәрбиелеу болды. 
Мәдени шарада жақсы сурет салған балалар сый-сияпаттармен марапатталды.
Мәдени шара соңында арнайы жасалған «Көркейе бер, гүлдене бер, Бас қала» атты кітап көрмесімен таныстырылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.