31 мамыр – саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні.


31 мамыр – саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні. Ол 1997 жылы 5 сәуірде ҚР Президентінің жарлығымен еліміздің атаулы күндері қатарына қосылды. Содан бері халқымыз тарихи тағдырында жазылмас жара қалдырған зұлмат заманды еске алып келеді. Осыған орай Сырдария аудандық кітапханасында « Тарихтың өшпес беттері» атты шара өтті.
Шараның мақсаты: Өткен ғасырдағы елдің басынан кешкен қиындығы мен ауыр тағдыры туралы айта отырып, олардың өмір жолдарымен тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру.
Шараның алғашқы басында қатысушылар қуғын-сүргін құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Шара барысында кітапханашы Абенова Г. Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні туралы айта кетіп,осының бәрі бізге өткеннің ауыр сабақтарын сараптамай зұлматты болдырмауды міндеттейтінің айтты.
Оқушылар репрессия және т.б. сол сияқты мәліметтерді оқырмандарға жеткізіп,тақырыпқа сай өлең жолдарын нақышына келтіріп оқып берді.
Оқушылар қанды репрессия жылдары жайлы хикаяларды ұйып тыңдап, сталиндік қуғын-сүргін жайлы жан-жақты мағлұмат алды.
Соңында «Халық жадындағы қасірет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *