Сырдария аудандық орталық кітапхана «Еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы- бүгінгі жастар» атты кең көлемді 4 бөлімнен тұратын кітап көрмесін ұйымдастырып,көпшілік қауым назарына ұсынды.


Бүгін Сырдария ауданында Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы болып өтті. Үлкен шараға Сырдария аудандық орталық кітапхана «Еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы- бүгінгі жастар» атты кең көлемді 4 бөлімнен тұратын кітап көрмесін ұйымдастырып,көпшілік қауым назарына ұсынды. Көрмеге Мәңгілік Елдің тірегі –жалынды жастар үшін Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктері мен стратегиялық бағыттары туралы жазылған әдебиеттер,өз өңіріміздегі қоғамның қозғаушы күші жастардың жеткен толағай табыстары және әр түрлі саланы қамтитын жастар оқитын 100 кітап «Кемел елдің келешегі – білімді жастар» атты тақырыппен қойылып, алдағы уақытта осы кітаптарды алып оқуға шақырды.