Асқар Тоқмағамбетов ауылдық модельді кітапханасында «Bilim Ortalygy» ашылды.


Асқар Тоқмағамбетов ауылдық модельді кітапханасында «Bilim Ortalygy» ашылды.
Мәдени, рухани, ақпараттық білім беру орталығы саналатын Асқар Тоқмағамбетов ауылдық модельді кітапханасында заман талабына сай жаңаша жабдықталған «Bilim Ortalygy» ашылды. Ашылу салтанатына Сырдария аудандық мәден иет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңіс Үсенұлы, Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұржакеева Гүлстан Сансызбайқызы, Сырдария ауданының құрметті азаматы Сыздықова Злиха апай, ардагер ұстаз Қайранбаев Болат ағай,мекеме қызметкерлері,кітапхана оқырмандары, ауыл тұрғындары және Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы мамандары қатысты. «Bilim Ortalygy» пайдаланушыларға әлемдегі қазіргі заманғы үрдістерге ортақтастыру үшін жасалған. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстың бірде бір бөлшегі және қазіргі заманғы сананы модернизациялау, дамыту үшін жаңа жағдайлар туғызатын барлық салаларда жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын үлкен ғаламдық жұмысты қамтитындығы жайлы Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңіс Үсенұлы айтып өтті. Осы үрдісті кітапхана да қолдап, мұндай орталықты ашу бастамасы көзделді. Болашақта ол жаңартылып, ары қарай жетілдіріліп отырады. Бұл орталық кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, жастардың шығармашылық, интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, ең бастысы кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайды жасайтын орталық болып табылатындығын Сырдария ауданының құрметті азаматы Сыздықова Злиха апай мен ардагер-ұстаз Қайранбаев Болат ағай айтып жастарға жеткізді. Шара өту барысында ауыл жастары жерлес ақын Асқар Тоқмағамбетовтың өлеңдерін жатқа оқыды. Шара соңында ардагер – ұстаз Қайранбаев Болат ағай ақ батасын берді.