Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың киелі қара домбырасының қадір-қасиетін жастар арасында дәріптеу мақсатында «Құдірет бар қос ішектің тілінде» атты өнертану сағаты өткізілді.


Мәдени шараға қызығушылық танытқан жастар, ата- бабамыздың үзілмеген үмітіндей болып, талай жылдар бойы мұнайғанда жұбаныш, қуанғанда шексіз шабыт берген, аңыз бен ақиқатқа толы домбыра аспабы жайында көптеген дерек көздерімен танысты. Шара барысында өнерлі кітапхана қызметкері Л.Серікбаева бірнеше күй орындап,өзінің әдемі қоңыр даусыменен жерлесіміз,арқалы ақын Ә.Тәжібаевтың «Сырдария» атты өлеңін айтып берді.Өлеңге жастарымыз да қосыла кетті.Келесі кезекте кітапхана қызметкерлері ашық аспан астында ұйымдастырылған «Бабамыздың үнісің, сен домбыра!» атты кітап көрмесімен таныстырып,ұлт мақтанышы сахара сазгерлері мен сол үлкен өнерді бүгінгі күні күллі әлемге таныстырып жүрген таланттарымыздың да еңбектерін ұсынды, алдағы уақытта кітапханадан алып оқуға шақырды.