Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Экстремизм мен лаңкестікке жол жоқ» атты әңгіме-талдау сағаты өткізілді.


Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Экстремизм мен лаңкестікке жол жоқ» атты әңгіме-талдау сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға Эқстремизм, терроризм, радикализм терминдері туралы түсінік беру, оның түрлері мен зардаптарын ұғындыру.Оларға бейбітшіліктің маңызын және мейрімділік пен ізгіліктің адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін айтып ұғындыру. Отансүйгіштік пен ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.

Шара барысында шарының құрметті қонағы, болашақ қари Молдабеков Асхат балалардың дін жайлы дайындап келген сұрақтарына нақты жауап берді.
Шара сонында «Ислам діні-Экстремизм мен лаңкестікке қарсы» атты кітап көрмесін ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Нәтижесінде кітапханаға 2 жаңа жас оқырман тіркелді.