«Кітапханалардағы клуб жұмыстары мен жобалардың дамуы» атты көшпелі аудандық семинар өткізілді.


«Кітапханалардағы клуб жұмыстары мен жобалардың дамуы» атты көшпелі аудандық семинар өткізілді.

 

Сырдария аудандық орталық кітапханасының әдістемелік- библиографиялық бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 21 тамыз күні Айдарлы ауылдық модельді кітапханасында « Кітапханалардағы клуб жұмыстары мен жобалардың дамуы» атты көшпелі семинар өткізілді.  Семинардың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі  бағыттары аясында  кітапханашы  мамандарының біліктіліктерін арттыру,  кәсіби деңгейін жоғарылату кітапхана қызметінде  жаңа технологиялар, инновациялық  формалар мен әдістерді  меңгеру, жас мамандарды  жігерлікке, ізденістерге бағыттап  мамандығын меңгеруге  қызығушылықтарын арттырып тәжірибе алмасу болды. Семинарды  әдістемелік-библиографиялық бөлім редакторы  Ә. Қосымова жүргізіп, оның негізгі мақсаты мен  бағдарламасымен  таныстырды. Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру »  мақаласында  ұлттық  сананы жаңғыртып, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, мәдениеті мен әдебиетін жас ұрпақтардың  бойына сіңіру мақсатында  « Рухани жаңғыру – бағдарламасын іске асыру аясында  кітапхананың ролі»  атты тақырыпта Інкардария ауылдық модульді кітапхананың кітапханашысы  О.Әлкенова баяндама жасады. Кәзір қай елдің ғылымы және мәдениеті күшті дамыса, сол елдің барлық жағдайы жақсы, болашағы жарқын болмақ. Сол себепті де күнделікті жұмыста жаңа технологиялар туралы жалпы түсініктермен қарулана отырып, кезең-кезеңмен меңгеру уақыт күттірмес міндет десек, « Кітапханадағы жаңа  инновациялық  жұмыстардың   дамуы мен әдістері »  атты тақырыпта Жетікөл ауылдық модельді кітапханасының  кітапханашысы  К.Сейтпанова   баяндама жасасап ой бөлісті. Қоғалыкөл ауылдық модельді кітапхананың кітапханашысы  Н.Жұматаева «Кітапхана жанынан ұйымдастырылған клуб  жұмыстарын  дамытудың  заманауи үрдісі» атты тақырыпта баяндама жасап, кітапхана  жанынан ұйымдастырылған  « Талант» клубы мүшелерімен бірлесіп атқарып жатқан жұмыстарын айтып, тәжірибе алмасты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының  « Өз тарихын білмеген халық  өзін де сыйлай алмайды» –деген қағиданы басшылыққа ала отырып, келешек ұрпаққа туған өлкесінің  тарихын, мәдени мұраларын, тарихи орындарын, туған елінен шыққан тұлғаларды,   ел мақтанышына айналған азаматтардың өнегелі істері  мен  белгілі жер-су атаулары  жайлы  оқырмандарға  қызмет көрсетуде. Өлкетану  жұмыстарының   бағыттары  және жетілдіру  жолдары» атты тақырыпта  № 2 филил модельді кітапханасының кітапханашысы  К. Бодыбаева айтып ақпарат берді. Семинар барысында  «Ғылыми ойлар адамнан адамға кітап тілі арқылы беріледі» деген қағиданы ұстанған-кітапхана қызметкерлері әріптестерімен  кәсіби шеберліктерін жетілдіріп, өзінің тың ойларымен  ой бөлісті. Өздерін толғандырып жүрген мәселелерді  ортаға салып, ой бөлісіп, жаңа инновациялық жобалардың   қолдану әдістерімен танысып,  өзінің жеке тәжірибелерін  басқа әріптестеріне көрсетіп таныстырылды. Семинарға қатысушылар арасында « Көп оқыған, көп біледі» атты тақырыпта  іскерлік  ойын ойнатылды. Семинар соңында кітапхана директоры  Гүлстан Сансызбайқызы  кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, оқырмандарға  насихаттап отырған  әріптестеріміздің жұмыстарына  табыс тілей отырып  семинарды  қорытындылады.