«Абайды оқы, таңырқа» атты поэзиялық марафон


Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлері ұлы Абайдың 175 жылдық мерей тойына орай өткізіліп жатқан эстафета аясында «Абайды оқы, таңырқа» атты поэзиялық марафон ұйымдастырып өткізді.Поэзиялық марафонды кітапхана қызметкерлері С.Сейтен «Өзгеге көңілім тоярсың», Д.Пазылбекова «Көзімнің қарасы» .М.Әлиева «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңдерімен ашып берді. Келесі кезекте кітапхананың тұрақты оқырмандары, жалынды жастар Е.Дәулет, М.Жәнібекқызы, А.Шайланов,Д.Майбасарова, Д.Саматов, Г.Нұрзілдаева, Е.Пернебаев,А.Әлайдаровалар жалғастырды.