«Семей полигонының жаңғырығы»


Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Семей сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай «Семей полигонының жаңғырығы» атты кездесу кешін ұйымдастырып өткізді.Бұл кездесуге Семей полигонының ардагерлері Ш.Садықов, Г.Жұбанов С.Жақсылықов және З.Қожағұловтар қатысты. Мәдени шараға қатысушы жалынды жастар ардагерлердің айтқан жүрек жарды әңгімелерін бар ынта-зейіндерімен тыңдап, осындай зіл-заланың қайталанбауын тіледі.Ал кітапхананың тұрақты оқырманы,аға буын өкілі Бахтияр Мырзаш ардагерлерге өзінің ақ тілегін айтып, зор денсаулық, отбасына берекелі тірлік білдірді.