30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Айбарлы асқар елді асқақтатар – Ата Заң» атты тақырыптық кеш өткізді.


Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлері 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Айбарлы асқар елді асқақтатар – Ата Заң» атты тақырыптық кеш өткізді.Мәдени шараға Сырдария аудандық сотының іс-жүргізу инспекторы А.Рашидова қатысып кітапхананың тұрақты оқырмандары арасында өз мамандығы бойынша түсінік бере отырып, таным –көкжиектерін кеңейтті.Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері жастарға Отансүйгіштік және Ата Заңның қадір-қасиетін арттыратын кестелі сөздер мен қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқи отырып, еліміздің нағыз патриоттары болуға тілек білдірді.