«Сырға толы Сыр өңірі»


Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы бойынша Сыр елінің киелі жерлерін насихаттау мақсатында «Сырға толы Сыр өңірі» атты жобасы құрылып бар саналы ғұмырын шариғат жолын насихаттау мен шәкірт тәрбиелеу ісіне арнаған, Сыр елінің атақты Ишаны Құлболды бабаның өмір жолымен таныстыру мақсатында кітапхананың белсенді және тұрақты оқырмандарымен Құлболды бабаның Кесенесіне саяхат жасалды.
Саяхатта Құлболды бабаның бесінші ұрпағының келіні Абылаева Әсия апай Құлболды бабаның өмірі жайлы қызықты аңыздар айтып, мағлұматтар берді.
Сонымен қатар ауданға қарасты Қоғалыкөл ауылының Батыс бетінде орналасқан өткен жылдан бері қазба жұмыстары жүріп, өркениетті қаланың орны анықталған тарихи маңызы бар Қышқаламенде таныстыру өткізілді.