30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Ата Заңым- айбыным» атты танымдық кешін өткізді.


Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Ата Заңым- айбыным» атты танымдық кешін өткізді.
Мақсаты: Балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отаның сүюге, Ата Заңымызды құрметтеп, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Мәдени шараны кітапханашы Асан Гулмира өткізіп, кіріспе сөзбен ашты. Содан соң еліміздің Әнұраны орындалды. Сондай-ақ балалар ақын-жазушыларымыздың «Ата Заңға» арналған өлеңдерін жырлады.Айтып өтсек Асқар Оразақынның «Елұраным» Норманова Жадыра, Асқар Оразақынның «Рәміздер» атты өленің Тоқшылық Төрехан, Сұлтан Қалиевтің «Елтаңбасы елімнің» атты өленің Жарқың Айсана айтып өтті. Сонымен қатар балалар «Әрқашан күн сөнбесін» атты өленің шырқады.
Шара сонында «Ата Заң-Азат елдің Ар-намысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасады.Нәтижесінде 1 жаңа оқырман тіркеліп , 2 кітап оқуға алды.