«Ұлттық рухтың негізі –ұлттық тіл» атты интеллектуалды брейн-ринг сағаты


Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлері кітапхананың тұрақты жас оқырмандары арасында «Ұлттық рухтың негізі –ұлттық тіл» атты интеллектуалды брейн-ринг сағатын өткізді.Брейн-рингте жастар 5-кезең бойынша қазақ тіліне қатысты түрлі сұрақтарға жылдам жауап беріп, қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқыды,сонымен қатар ауыз әдебиетінен бері қарай келе жатқан мақал-мәтелдердің жалғасын мүдірмей тауып,полиглот ойыны арқылы өздерінің үш тұғырлы тілге деген біліктіліктерін де көрсете білді. Ойын қорытындысы бойынша мәре сызығына тең жеткен екі команда Сырдария атты өлке тарихы жазылған кітаптармен марапатталды.