«Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты әдеби-жыр кеші


Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек тілдер мерекесіне орай «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты әдеби-жыр кеші өтті.
Мақсаты: Балаларға ана тілін құрметтеп , оның қадір қасиетін ұғынуға, білуге, жан-жақтылыққа, білімділікке, қазақ тілін, ділін, ұлттық дәстүрін құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Тәрбиелі сөз айтуға , өз ойларын нақты жеткізуге, ауызекі тіл байлығын дамыту.
Мәдени шараны кітапханашы Асан Гулмира жүргізіп
Туған елім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы,
Өссе тілім менде бірге өсемін,
Өшсе тілім менде бірге өшемін !-деп ақын Әбділда Тәжібаев атамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Ол достықтың кілті, ынтымастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелен ұрпақтарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек жаңыла қоймаспыз.Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді.Демек қоғамнан тыс, бөлек тілі жоқ. Тіл-қоғамның жемісі деп кіріспе сөзбен ашты.
Шарада балалар тіл туралы мақал-мәтелдерді айтып жарысып, сондай-ақ ақын-жазушыларымыздың тілге арналған өлеңдерін жырлады. Айтып өтсек М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі» атты өленің Тәжіқанова Б., Н. Айтұлының «Ана тілім» атты өленің Алмасова Әзиза, Д.Әбілевтің «Туған тілім» атты өленің Сырлыбай Ж, М. Мақатаевтың «Үш бақытым» атты өленің Бақытқызы Диана
Шара сонында «Ана тілім-асыл қазынам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Нәтижесінде 1 жаңа оқырман тіркеліп, 2 кітап оқуға алды.