«Денсаулық адамзаттың баға жетпес байлығы»


Қыркүйек айының 6 жұлдызында Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлері адам денсаулығын жақсартуға өз үлестерін қосып жүрген ақ халатты абзал жандардың қатысуымен жастар арасында «Денсаулық адамзаттың баға жетпес байлығы» атты сұрақ-жауап кешін ұйымдастырып өткізді.
Мәдени шара барысында медицина саласының мамандары Г.Жаналиева, Д.Алашбаева, А.Молдашова, Ұ.Нұрбаева, А.Ибраемова денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау, ол үшін денсаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу жөнінде кеңінен айтты. Сонымен қатар бүгінгі күн тәртібіндегі өкпе құрт аурулары жөнінде түсінік бере отырып, одан қорғану жолдарын таратып жеткізді. Сөз барысында көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотельдің «Жанды дене қозғалмаса өледі» – деген сөзін мысалға ала отырып,салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі өте зор екенін түсіндірді. Мәдени шара соңында тренинг ойын ұйымдастыру арқылы жастардың бұл кездесуден не түсінгенін бағдарлады.