«Отбасы – бақыт ордасы» атты тақырыптық кеш


Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт ордасы» атты тақырыптық кеш өткізді. Мәдени шараға мерейлі отбасында алтын асықтай 5 азамат тәрбиелеп, бүгінгі күні солардан тараған ұрпақтар арасында асқар таудай әке, ай дидарлы ана атанып отырған Сансызбай Сәдуақасовтар қадірменді қонақ ретінде қатысты. Қонақтарымыз кеш барысында отбасының жылуы,бір –біріне деген ізеттілік пен ілтипат туралы келісті әңгіме қозғап отырды. Сонымен қатар мәдени шараға қатысушыларды ән мен күйге бөлеп ,өздеріне еріксіз баурап алды.