«Коворкинг» орталығында салауатты өмір салтын ұстанған жастар жиналды.


Бүгін Сырдария аудандық орталық кітапхана жанынан ашылған «Коворкинг» орталығында салауатты өмір салтын ұстанған жастар жиналды. Олар кітапхана қызметкерлерінен бұқаралық ойындар туралы кеңінен мәліметтер алып, түрлі ойындар ойнады. Атап өтсек тоғызқұмалақ , шахмат, дойбы, бес асық және қол күресін ұйымдастырды. Өз уақыттарын тиімді өткізген жастар көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.