«Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел басында бас қосты.


Сырдария аудандық орталық кітапхана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел басында бас қосты. Мәдени шараға ауданымыздың ардагері Х.Әбенов, мәдениет саласының майталманы Т.Айсин, жас кәсіпкер Д.Ашабаева және №35 мептеп-лицей ұстазы А.Жакиевалар қатысып жолдауда айтылған басымдылықтар туралы айтып өтті. Шара барысында кітапхана қызметкерлері жолдауда айтылған мерей той иелері әл-Фараби, А.Құнанбаев жайлы да айта келіп, Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін жастар үшін жатқа оқыды.