«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»


Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын насихаттау мақсатында «Жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі» атты ақпарат сағатын кітапхананың тұрақты оқырмандарының арасында өткізілді.
Мәдени шараны кітапханашы Асан Гулмира жүргізіп Жыл сайын Қазақстан халқына арналған Мемлекет басшысының Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі жақсартуға бағытталған басты құжат болып есептеледі деп кіріспе сөзбен ашып «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңінің бірінші бөліміндегі : Білім беру сапасын жақсарту туралы бөлімін таныстырып өтті. Білім беру сапасын жақсарту, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу мәселесі, білімді ұрпақ әр қашанда мұратына жетерін айтып, оқушыларды әрдайым рухани бай болу үшін кітап оқуға шақырды.
Шара сонында «Жолдау –жаһандық дамудың жолы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.