“Сыңдарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі”


Сырдария аудандық орталық кітапханада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сыңдарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты жолдауын халық арасында дұрыс түсіндіріп насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде “Нұр Отан” Партиясы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Е. Жақып, Облыстық маслихат депутаты “Углесбыт” ЖШС директоры Р. Есенов, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж. Төралиев және Сырдария аудандық орталық кітапхана директоры Г. Нұржакиева жолдаудағы негізгі 5 бағытқа тоқталып, жақсы жаңалықтарымен бөлісті.