«Қош келдің молшылық»


Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен қыркүйектің соңғы жексенбісі еңбек күніне орай «Қош келдің молшылық» атты танымдық ойының кітапхананың тұрақты оқырмандарының арасында өткізіп, барлығы 11 адам қатысты.
Мәдени шараны кітапханашы Асан Гулмира өткізіп, кіріспе сөзбен ашты.
Шара барысында оқушылар қамбаларға толған астықты қарапайым еңбек адамдарының еселі еңбегінің арқасында, берекелі де мерекелі күз айының берген байлығының жеп отқандары жайлы айтып еңбек адамдарына рахметін «Еңбек туралы тақпақтар арқылы жеткізді, айтып өтсек Иса Байзақовтың «Біздің еңбек” Мұнайтпасова Құралай айтты, сондай ақ балалар «Еңбек туралы» мақал –мәтелдер айтып, «Көкіністер дауы» көрінісін қойды.

Шара сонында «Жомарт күз-біздің байлығымыз» атты кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасады. Нәтижесінде кітапханаға 1 жаңа оқырман тіркеліп, 2 кітап оқуға алды.